Семинар мақсаты озық тәжірибелерді үйрету, жинақтау, тарату , қолдану болды. Семинарға келген ұстаздарды гимназия директоры А.М.Ахмеджанова құттықтап сәттілік тіледі. ДҒЖЖ орынбасары Р.Командир семинар бағдарламасымен шебер сынып,семинарда іс-тәжірибелерімен бөлісетін ұстаздарды таныстырды. Семинар 3 бөлімнен құрылды. Бірінші теориялық бөлімін де информатика пәнінің мұғалімі Хавдеш Еркин «STEAM әдісі-болашақтағы білім» тақырыбында баяндама жасаса, екінші практикалық бөлімінде топтық шебер сыныптар ұйымдастырылды. Семинарға қатысушы ұстаздармен пән мұғалімдер STEАM технологиясымен кіріктіру оқытып , жобалар жасау жолдарын көрсетті. І топта физика пәнінің ұстаздары Искакова С.К.,Жайлау Э Электромагнитті құбылысқа дыбыс зорайытқыш қалай жасауға болатын моделін құрастырса,екінші топта биология пәнінің мұғалімдері Джаксанова У.Э. , Хоршат А. биология сабағында модельдеу және Steam технологиясын қолдану арқылы көкеттің тыныс алудағы рөлінің , бұйректің қызмет атқаруының , нәруыздің құрылымдық деңгейлерінің моделдерін жасатты. Ал үшінші топта ағылшын тілі мұғалімі Шапенова Г.К. ағылшын тілі пәндерінің қорытынды бөлімінде жобалар жасаудың жолдарын түсіндіре келе, қол жетімді материалдардан виртуалды көзілдірік жасатып, виртуалды видеоларды көруге болатын тәжірибесімен бөлісті. Төртінші топта көркем еңбек пәнінің мұғалімі Кульмаганова С.Б., информатика пәнінің мұғалімі Алина А.Н. информатика мен көркем еңбек пәндерін кіріктіріп оқыта 3D қаламмен модельдер жасату жолдарымен практикалық бұйымдарды істетті. Семинардың үшінші бөлімі «Жасанды интеллектінің мүмкіндіктері» тақырыбында оқыту семинарымен жалғасты. Оқыту семинарында география пәніннің мұғалімі Маханова А.Б. «Жасанды интеллектті білім беру үдерісіне flipbook арқылы жандандыру» деген тақырыптағы баяндама барысында, “Heyzine” flipbook платформасымен танысып, жасанды интеллект көмегімен жасалынған туындылар көрсетілді. Білім беруде тиімді пайдалану үшін Chatgpt, Copilot Designer, Virbo Video, ttsfree, narakeet және т.б. жасанды интеллект мүмкіндіктерімен таныстырылым жасалынды. AR studio жасанды виртуалды шындық технологиясы көмегімен виртуалды бейне көрме өткізілді.Математика пәнінің мұғалімі Алип А Интерактивті сабақта қолдануға арналған топ-5 құралдары Chat GPT, megicshool , Socrative, emaze , Sli.do платформаларымен тест құрастыру, керекті ақпаратты жинастыру, слайд жасау, кері байланыс жүргізу жолдарымен практикалық жұмыс жасатты. Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Р.Командир Sli.do платформасымен кері байланыс алды. Ұйымдастырылған шебер сынып пен оқыту семинары нәтижелі болды.