Текст
М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясында 2024 жылғы 5 қыркүйек күні Қазақстан халқының тілдері мерекесінің салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырды. Бұл мереке ұлт ұстазы, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ұлы реформатор Ахмет Байтұрсынұлының туған күні — 5 қыркүйекте аталып өтіледі. Тілдер күні тілді ұлықтау мерекесі болып қана қоймай, еліміздегі ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралына айналған Қазақстан халқының жалпыға ортақ мерекесі.
https://www.instagram.com/reel/C_kMX_LsROT/?igsh=b21wZnVycTgyODMx