«Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы       №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ
КГУ «Многопрофильная школа-гимназия №3 имени  М.Габдуллина города Кокшетау отдела образования  по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік желілер

Байланыс орталығы

Кәсіби бағдар беру жұмысы

2019-2020 оқу жылы

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаратылыстану пәндері аптылығының қорытындысы

03.02.2021

2021 жылдың қаңтар  айының 25-29 күндері аралығында жаратылыстану пәндерінің апталығы жоспарланып , іс-шаралар жоспарға сай атқарылды. Апталықтың ашылуына жаратылыстану ғылымдар туралы ақпарат берілген  шағын бейнероликпен ZOOM  платформасында жасалды.

Жоспраға сай апталықтың екінші күні алғашқы ашық сабақты 2021 жылдың  26 қаңтар күні мектебіміздің жас ұстаз, география пәнінің мұғалімі Оразгали Айжан Аділқызы 5 «В» сыныбымен «Тірі организмдердің тіршілік етуінің ұйымдастырылуы» атты тақырыпта өткізді. Ұстаз «learningupps» платформасын тиімді қолданып, педағогикалық шеберлігін көрсетті.

 8 «А» сыныбында «Элементтердің табиғи топтары және олардың қасиеттері» атты ашық сабақты химия пәнінің ұстазы Жусубалина Ажаргуль Базарбековна қашықтықтан шеберлікпен өткізді. Сабақ барысында оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетті.    

27.01.21 күні  11  «Ә» сыныбында «Күкірсутек және сулфидтер. Күкір диоксиді және қышқыл жаңбырлар» атты ашық сабақты химия пәнінің ұстазы Даулетбаева Нурбике Нургалиевна қашықтықтан «Jamboard», «Kahoot» платформасын тиімді қолдана отырып, ZOOM платформасыиен топтық жұмысты  педагогикалық шеберлікпен өткізе білді.  Сабақ барысында оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін көрсете білді.     

27.01.21 ж  8  «Ә» сыныбында «Тірек-қимыл жүйесін бекіту» атты ашық сабақты биология  пәнінің ұстазы Хоршат Алтынгуль   қашықтықтан «Quizizz» платформасын тиімді қолдана отырып, оқушылардың өткен сабақты меңгергендік деңгейлерін анықтаса ,  «Jamboard» тақтасы арқылы сабақ тақырыбына байланысты суретпен жұмыс жасады. Сабағы  педагогикалық шеберлікпен өткізді. Сабақ барысында оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін көрсете білді.

28.01.21ж 9 «Ә» сыныбында «Митоз, оның фазалары»  атты ашық сабақты биология пәнінің ұстазы Джаксанова Улмескен Эртазоевна қашықтықтан шеберлікпен өткізіп, сабақ барысында «Twig», «Google Диск», «Bilimland» көмегімен оқушылардың белсенділігін көрсете алды. Сабақ құрылымды, әрі оқушыларға қызықты өтті.

 10 «Ә» сыныбында «Дүниежүзі елдерінің шаруашылық құрылымын бағалау» атты ашық сабақты география пәнінің ұстазы Алпысбаева Гулим Айдарбековна қашықтықтан шеберлікпен өткізіп, сабақ барысында «Twig», «Class Time» платформаларының көмегімен оқушылардың белсенділігін көрсете алды. Сабақ құрылымды, әрі оқушыларға қызықты өтті.

29.01.21ж Мектебіміздің жас ұстазы, биология пәнінің мұғалімі  Айгерім Бауыржанқызы  «Өсімдіктердің қозғалысы. Қозғалыстың өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы» атты тақырыпта 7 «Б» сыныбымен қашықтықтан ашық сабақ өткізді. Айгерім Бауыржанқызы сабақта АКТ-ды шеберлікпен қолданып, оқушыларды 2  топқа бөліп сабақты мазмұнды әрі қызықты етіп өткізді. Сабақ барысында ұстаз  «Twig», «Class Time» платформаларының көмегімен оқушылардың белсенділігін көрсете алды.

Просмотров: 1066


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст