«Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы       №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ
КГУ «Многопрофильная школа-гимназия №3 имени  М.Габдуллина города Кокшетау отдела образования  по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік желілер

Байланыс орталығы

Кәсіби бағдар беру жұмысы

2019-2020 оқу жылы

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША 2020 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЕСЕП

18.02.2021

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы       №3 мамандандырылған гимназиясында   47 сыныпта, 1150 оқушы білім алып жатыр. 97педагог-қызметкерлер жұмыс істейді.

2020 жылы ҚР 2013 жылғы 15 сәуіріндегі № 88-V Заңы. «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңына сәйкес, гимназияда  мемлекеттік қызмет көрсету саласының 7 мемлекеттік қызметі көрсетіледі.

1.Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау мемлекеттік қызметі, «Егов» порталы арқылы өтініш беруге болады, 5 жұмыс  күні

  1. Өтініш

  2. ¾ фотосурет 2 дана

  3. Денсаулық паспорты 026/3

  4. Егу картасы 063

2020 жылы 138 оқушы 1 сыныпқа қабылдау мемлекеттік қызметі көрсетілді.

2. «Негізгі және орта білім  туралы   құжаттардың төлнұсқасын беру» мемлекеттік қызметі.15 жұмыс күн.

  1.  осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттың жоғалу жағдайы немесе баска да себептері көрсетілген өтініші;

  2. Кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) жеке куәлігімен (паспортымен) бірге туу туралы куәлігінің (2008 жылы туылған жағдайда) көшірмесі немесе көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

             3)Мерзімді басылымнан үзінді.

2020 жылы 3 төлнұсқа беру қызметі көрсетілді.

3. «Білім беру ұйымына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін  оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 3 жұмыс күні;

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) өтініш (еркін нысанда);

      2) үйде оқыту бойынша ұсынымдармен коса дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

      3) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы. 2020 жылы 2 қызмет көрсетілді.

4. "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде - 5 (бес) жұмыс күні;

  • көп балалы отбасындағы балалар;

  • мүгедек балалар;

  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

  •  күнкөріс деңгейінен төмен табысты отбасыларындағы балалар (31350т)

                            2020 жылы 75 оқушыға қызмет көрсетілді.

5. Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру

     2020 жылы  пандемияға байланысты мұндай қызмет көрсетілген жоқ.

6.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, Мемлекеттік корпорация орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің – 3 (үш) жұмыс күні;

Көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес аттестаттауға өтініш;

      2) жеке басын куаландыратын құжат көшірмесі (тұлғаны сәйкестендіру үшін қажет);

      3) білімі туралы диплом көшірмесі;

      4) біліктілікті арттыру туралы құжат көшірмесі;

      5) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжатының көшірмесі;

      6) бұрын берген біліктілік санаты туралы куәлік көшірмесі (жоғары білім беру ұйымдарынан ауысқан және біліктілік санаттары жоқ педагог қызметкерлерден басқа);

      7) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13317 болып тіркелген) кәсіптік жетістіктері туралы мәліметтер (болған жағдайда).

2020 жылы 10мұғалімге қызмет көрсетілді

7. «Жалпы білім беретін мектептер арасында ауысуға құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметі. Ата-аналардың өтініші   және тіркеме талоны негізінде.

Мұндай мемлекеттік қызмет 2020 жылы 90 адамға көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 461


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст