«Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы       №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ
КГУ «Многопрофильная школа-гимназия №3 имени  М.Габдуллина города Кокшетау отдела образования  по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік желілер

Байланыс орталығы

Кәсіби бағдар беру жұмысы

2019-2020 оқу жылы

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024 жылдың 21 қарашасы күні Қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының жоспарына сәйкес «Гуманитарлық цикл пәндер бойынша дарынды оқушылармен жұмыс» тақырыбында қала мектептерінің жас ұстаздарына арналған тәжірибе алмасу семинары жоғары деңгейде ұйымдастырылды

22.11.2024
2024 жылдың 21 қарашасы күні Қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының жоспарына сәйкес «Гуманитарлық цикл пәндер бойынша  дарынды оқушылармен жұмыс» тақырыбында  қала мектептерінің жас ұстаздарына арналған тәжірибе алмасу семинары жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 
Семинардың мақсаты: педагогтердің құзіреттілігін жетілдіру, оқушылардың гуманитарлық цикл пәндерінен олимпиадаларға сапалы дайындығын қамтамасыз ету бойынша педагогикалық практиканы дамыту.
Семинарға 18 мектептен жас ұстаздар қызығушылықпен қатысты. Семинар барысында директордың ғылыми әдістемелік жұмыстары  жөніндегі орынбасары Р.Командир мектеп  өмірімен таныстырды. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Н.У.Аубакирова әдістемелік бірлестік жұмысына шолу жасап, пән мұғалімдердің жетістіктеріне тоқталды. Семинардың негізгі бөлімі «Гуманитарлық цикл пәндері бойынша дарынды оқушылармен жұмыс» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ш.К.Карасартова жас ұстаздарға дәріс берді. Дәріс барысында жас ұстаздарға оқушыларды олимпиадаға дайындау жолдары, эссе жазу ережелері , олимпиада тапсырмалар ерекшеліктерін түсіндіре кетті.    Пркатикалық  бөлімінде  қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Б.Х.Ахметжанова мен  Б.Б.Билялова «Дарындылықтың, толғаныстың, ізденістің жемісі – эссе» тақырыбында коучинг өткізді. Коучинг эссе жазудың тиімді жолдарын практикада көрсету арқылы, ұстаздардың оқу және жазу сауаттылықтарын арттыруға ықпал етіліп, әдістемелік қолдау көрсетілді. Семинар соңында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Шахманова Б.Р., Нурмуханова А.А Padlet платформасында  кері байланыс жүргізді.  Семинарға қатысушы жас ұстаздар ой пікірлерімен ұсыныстарын да айта кетті.
https://www.instagram.com/reel/DCrSnTKsXU8/?igsh=MThiNHJreWI4YzRoMA==
Просмотров: 55


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст