Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ жылдық жоспарына сәйкес 2021 жылғы 15 наурызда Агния Бартоның туғанына 115 жыл толуына орай «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасы аясында «Жүректегі ұмытылмас күндер» қалалық қашықтықтан мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқау 4 сынып оқушылары арасында сөйлеуді дамыту және көркем сөзге деген қызығушылықты қалыптастыру, поэтикалық сөздің сұлулығы мен мәнерлілігін сезіну мақсатында мектеп кітапханасының белсенді оқырмандарын ынталандыруға бағытталған.
Байқауға қаланың 24 мектебінен 45 оқушы қатысты. Қазылар алқасы байқаудың қорытындысын шығарып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Байқау қорытындысы бойынша М.Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған гимназиясының 4В сынып оқушысы Қожабекова Мирая жүлделі 3-орынға ие болды.