11 «А» сынып оқушысы Алдан Адияның Чехиядағы техникалық университетке түсуіне байланысты, мемлекеттік емтихандарын мерзімінен бұрын тапсыру сәті.
Емтихан өткізу тәртібімен мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Оразова Гүлзира Қазиқызы таныстырып өтті.
Қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан 3 наурыз күні өтті. Пән мұғалімдері Ш. Жұматаева, Г. Әуесханова, Р. Командир, М. Алхабекова және ассистенттердің қатысуымен емтихан материалдары салынған пакет ашылып, сағат 9:00-де емтихан басталды. Білім алушы Қазақстан тарихы пәні бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру мақсатында жалпы орта білім берудің МЖМББС талаптарына сәйкес өз жауаптарын айтты.
5 наурыз күні математика пәнінен емтихан өтті. Пән мұғалімдері С. Адилов, К. Саттарова, А.А. Ниғметжан және ассистенттердің қатысуымен емтихан материалдары салынған пакет ашылып, сағат 10:00-де емтихан басталды.
Білім алушы екі пәннен де өз білімін жоғары деңгейде көрсете алды.
https://www.instagram.com/reel/DG21wtHsZ43/?igsh=aWI4d3lydjQzd2Z6