Бүгін, 6 мамыр күні, біздің гимназиямызға Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы Ахметжанов арнайы іс-сапармен келіп, "Ұлттық мектеп – ғасырлық тұғыр" атты көрмемізбен танысты. Сонымен қатар, ол мектеп музейін аралап, білім ордасының тарихы мен жетістіктеріне жоғары бағасын берді. Іс-шара аясында облыс әкімі 11-сынып түлектерімен кездесіп, ашық сабақ өткізді. Сабақ тақырыбы – «Ұрпақтар сабақтастығы: тарихымызды сақтау арқылы Отанды қорғау». Сабақ офлайн және онлайн форматта өтті. Онлайн байланыс арқылы Ақмола облысының әр түкпіріндегі түлектер қосылып, үлкен қызығушылықпен тыңдады. Олар өз сұрақтарын қойып, толық әрі мазмұнды жауаптар алды. Кездесу соңында Марат Мұратұлы барлық түлектерге алдағы ҰБТ мен өмір жолында сәттілік тілеп, жас ұрпақтың білімге деген құштарлығына зор сенім білдірді.
https://www.instagram.com/reel/DJT4Eh-MxRD/?igsh=cGFvdHZvNXFjcmNh