Ақмола облысының білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысын шығарды. Конкурсқа Көкшетау қ. мектепке дейінгі ұйымдарының 20 педагогы және жалпы білім беретін мектептерінің 49 педагогы қатысыпты. М. Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған гимназиясының 4 ұстазы элективті және таңдау курс сабақтарына құрастырған авторлық бағдарламала жұмыстарын ұсынып , І дәрежелі Дипломдармен марапатталды. Жүлделі орынға ие болған ұстаздарымызды атап айтсақ, информатика мұғалімі Хавдеш Е., ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Шапенова Г.К., бастауыш сынып мұғалімі Абдыкалыкова Р. Б., ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сулейменова Д.Б .