Текст
Құрметті ата-аналар! М.Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған гимназиясы бойынша күзгі-қысқы кезеңде су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтамау қайғылы салдарға әкеп соғатынын хабарлайды. Күз мезгілінде су қоймаларында қарашадан желтоқсанға дейінгі кезеңде мұз жұқа болады, осыған байланысты балаларыңызға көңіл бөлуіңізді сұраймыз. Күзде балалардың су айдындарында болуына жол бермеңіз, балаларыңыздың бос уақытын қайда өткізетінін қадағалаңыздар. Балалардың мұзға шығу әрекеттеріне немқрайлы қарамаңыздар, абайсыздық қайғылы оқиғаға айналуы мүмкін.