Текст
2022 жылдың 01 ақпан күні №18 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен Д. Қонаевтың 110 жылдығына арналған "Қонаев:дәуір тұлғасы" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты : аса көрнекті қоғам қайраткері, бір туар тұлға Д. А. Қонаев туралы түсініктерін кеңейту, ел үшін еңбек етуге, халқына адал болуға, ұлы тұлға Қонаевтың ерліктерін, ұлтжандылығын, патриоттық сезімін кеңінен көрсету. Іс шараға 11 "А" сынып оқушысы Омарова Дильназ "Д. А. Қонаевтың басшылығы тұсындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық - саяси жағдайы" тақырыбында өз баяндамасымен таныстырды. Жетекші мұғалімі Шынар Елемесовна мен қатысушы Омарова Дильназға белсенді қатысқаны үшін куәлік табыс етілді.