Текст
Көкшетау қаласының "Мәлік Ғабдуллин музейі атаулы мерекеге орай "Абайдың інілері, қазақтың ірілері" тақырыбында қала мектептерінің оқушылары арасында шығарма байқауын өткізді. М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының 8"А" сынып оқушысы Бураканова Дильназ Серікбайқызы өзінің атасы, Ұлы Отан соғысының ардагері, " Қарақияның Мересьеві " атанған Бақтыбаев Бурақанның ерлік жолы туралы шығарма жазып жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. "Ер есімі ел есінде" дегендей "адам ұрпағымен мың жасайды" демекші осындай атасының ерлігін насихаттап жүрген Бураканова Дильназға шығармашылық табыстар тілейміз! Алар асуларың биік болсын!
Пән мұғалімі: Б.Р.Шахманова.