26.04.2022. ж. «Ақмола облысы білім баскармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі»ММ жоспарына сәйкес «Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытудың тиімтілігі» тақырыбында «Көкшетау каласының М.Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған гимназиясы» КММ базасында мүғалімдердің іс тәжірибесін тарату мақсатында қалалық семинар өтті. Семинар үш бөлімнен құрылды.
1.Қатысушыларды қарсы алу барысында «Мектеп өмірі» презентация және оқушылардың қазақ,орыс,ағылшын,француз, неміс тілінде онерлері тамашаланды.
2. Биология,химия,физика,информатика пән мұғалімдері ағылшын тілінде ашық сабақтар өткізді. Сабақ барысында гимназия мұғалімдері жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану жолдарын түсіндірді.
3.Семинарға қатысушыларды Biology,Chemistry,Physics,Informatics топтарға бөліп CLIL әдісі бойынша практикалық жұмыстар өткізілді. Answer Garden платформа арқылы мұғалімдер кері байланыс жасап,пікірлерімен алмасты.