2022 жылдың 04 мамыр күні гимназия қабырғасында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушысының кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында АӘТД оқытушы-ұйымдастырушыларға арналған көшпелі тәжірибелік іс-тәжірибе алмасу облыстық семинары өтті. Семинарға аудандардан келген «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Ақмола облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының тыңдаушылары АӘТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары қатысты. Семинар барысында АӘТД пәнінің мұғалімі Балтабаев Е.Р. ашық сабақ көрсетсе, музей жетекшісі Уалиева Ж.О. басқаруымен «Жас Мәліктанушылар» клубының мүшелері мектепшілік М.Ғабдуллин музейімен үш тәлде таныстырылым жасап, қонақтарға таныстырды. Содан кейін салтанат залында ДҒЖЖ орынбасары Р.Командир «Мектеп өмірі» тарихы, жетістіктерін айта келе, педагог-психолог А.Тауфих «Қарым-қатынас жарастығы» психологиялық тренингмен жалғастырды. Семинарға қатысушылар өз ой пікірлерімен рефлексия жасап, қорытындылады.