"Тіл фестивалі аясында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Б.Х. Ахметжанова және Ш.К. Карасартованың ұйымдастыруымен 10-11 сынып арасында "Латын әліпбиіне көшу-еліміздің рухани өмірдегі қадамы" атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Ш.Уалиханов атындағы педагогикалық университетінің аға-оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі Мусин Лайс Қапезұлы шақырылып, оқушылардан түскен сұрақтарға жауап беріп, құнды мағлұматтармен бөлісті. Еркін микрофонға Мұқаш Мөлдір, Алимбай Аружан, Танишева Карина, Алкеева Зарина, Рамазанова Жұлдыз, Ахметжанова Айзада шақырылып, латын әліпбиіне көшу себептері, тиімді жақтары, қиындықтары, қолданатын мемлекеттер және тарихы жөнінде ой бөлісті. Қорытындысында бейнероликтер көрсетілді.