ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негіздері» түсіндіру мақсатында 2 қазан күні М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясында облыстық ақпараттық топтың мүшесі Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университетінің ректоры Сырлыбаев Марат Қадірұлының жетекшілігімен 10,11 сынып оқушылар және ұстаздар қауымымен кездесу өткізілді. Кездесуге келген қонақтарды мектеп-гимназия директоры Р.К.Абилхамитова таныстырды. Облыстық ақпараттық топтың мүшесі Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлкеттік университетінің ректоры Сырлыбаев Марат Қадірұлы «ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдаудың бағыттарын түсіндіріп баянданса, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлкеттік университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Сейтқасымов Аманбай Асылбайұлы «Жастар ел –болашағы» тақырыбында тәрбие жұмыстарының бағыттарын баяндады.Тарих ,заңтану,өнер және спорт факультетінің деканы Бексеитова Акбота Тастанбекқызы «Жастар ел-болашағы» , университеттің баспасөз хатшысы «Мәлік мектебі-Көкше білімнің қара шаңырағы» тақырыптарында оқушыларға түсінік берді. Университеттің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысыНуркина Жанар Базарбайқызы «Жоғары оқу орнына түсу туралы ережелер» таныстыру жұмыстарын жүргізді. Кездесуге келген қонақтар мектеп-гимназия оқушыларының сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында мектеп-гимназия музейіне саяхат жасады.