Текст
2022 жылдың желтоқсан айында 29 жасқа дейінгі жастар арасында «Инновациялық идеялар жәрмеңкесін» өткізу шеңберінде IT- технологиялар саласындағы жобалар байқауын Көкшетау қаласы Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды. 27 желтоқсан күні байқаудың қорытындысы жарияланып, марапаттау рәсімі өтті. Аталмыш байқаудың қорытындысы бойынша М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясының 11-сынып оқушысы Сабырханов Ерсултан «Білім беру саласындағы үздік IT –жоба» номинациясы бойынша І дәрежелі Диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды. Жетекшісі: Хавдеш Еркин.