2024 жылғы сәуір айының 18-і күні “Өрлеу” Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының жоспарына сәйкес Ақмола облысының ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Ағылшын тілін оқытудың тиімді әдістері» тақырыбында М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясында семинар өтті. Облыстық семинарда гимназиямыздың ағылшын тілі мұғалімдері өз тәжірибелерімен алмасуға белсенді қатысты. Ағылшын тілі мұғалімі Сайлаубекова Рауан Шоматовна 5 "Б" сыныбында "Sports days" тақырыбында ашық сабақ жүргізді. Мақсаты: Спорт тақырыбына сұрақ - жауап арқылы , оқуышылардың ауыз екі сөйлеу дағдысын дамыту. Ахметжанова Самал Кенжеболатқызы “Puppet theatre”(қуыршақтар театры) бастауыш сынып оқушыларымен ертегілер қойды.
Сулейменова Диляра Бахрамовна,Абжанова Динара Сырымбетовна , Сайлаубекова Рауан Шоматовна 7 сынып оқушыларымен Musical “Frozen” мюзикл қойылымын көрсетті. Оқушылар белсенді қатысты, Катыскан ұстаздар кері байланыс жасап, семинардың жоғары деңгейде өткенін атап өтті.Тәжірибелерімен бөліскен ұстаздар сертификатка ие болды.
https://www.instagram.com/p/C6EVb0Csxz6/?igsh=bDBvdXBkaHl1NzFu