Текст
2018 жылы ақпанның 16 күні М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясында 4 – сыныптар арасында Рухани жаңғыру «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектеп-гимназияішілік «Көңілді тапқырлар алаңы» ойыны ұйымдастырылып өткізілді. КТА ойындары оқушыларды ізденуге, топпен жұмыс жасауға, бос уақыттарын тиімді пайдалануға үйретеді. Оқушылар көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлап, өздерінің өнерлерін жақсы деңгейде көрсетті.