Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29-жыл толуына орай М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясында жауынгер-интернационалист Қарасартов Еркебұлан Ғалианұрұлымен 12 ақпан 2018 жылы «Жастығым жалын шарпыған» тақырыбында кездесу кеші өтті. «Ауған соғысы» - жайлы тереңірек біліп, танып, отанға, еліне деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында ұйымдастырылған шараға 10,11 сыныптың оқушылары қатысты.
Кеш барысында Е.Ғ.Қарасартов ағай бейбіт заманда қатерге бел ауып, батылдықпен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, Отан алдыңдағы парызына адал болу жолында Ауған жеріндегі өткен тарих парақтарына тоқталып, тебіреніспен еске алды.
Кеш барысында жауынгер, бірінші күннің батыры Еркебұлан ағайға мектеп-гимназия оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар 39 ер балаға әскери тіркеу құжаттары салтанатты түрде табыс етілді. Тағылымдық шарана АӘД пән мұғалімі Е.Р.Балтабаев, ДТЖЖ орынбасары А.Қ.Жартанова, 10 «А» сынып жетекшісі Ш.Қ.Қарасартова ұйымдастырды.