«Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы       №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ
КГУ «Многопрофильная школа-гимназия №3 имени  М.Габдуллина города Кокшетау отдела образования  по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік желілер

Байланыс орталығы

Кәсіби бағдар беру жұмысы

2019-2020 оқу жылы

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі"

23.01.2018

18.01.2018 күні 6-7 сынып қыздарыменапталық жоспар негізінде  «Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі» атты жиналыс өтті. Қыздар жиналысының мақсаты: қыздарды  ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп, тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге, қыз бала гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету; өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру; қызарды  инабатты қыз болып өсуге баулу. «Баян сұлу» қыздар клубының жетекшісі Б.Б.Блялова, мектеп психологы, әлеуметтік ұстаз Қ.Н.Қазгожина және мектеп медбикесі қатысты. Б.Б.Блялова «Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі» атты тақырыпта мазмұнды баяндама оқыды. Мектеп психологы қыздардың жас ерекшеліктеріне сай  мектеп жасындағы жасөспірімдердің мінез- құлықтарындағы өзгерістер, адамгершілік тәрбиесі, оқушы этикасы жөнінде ақпарат берді. Мектеп медбикесі қыз балалардың гигиеналық тазалығы жөнінде айтты. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қыздар арасында туындаған сұрақтарға жауап берді , мектеп жарғысын қатаң сақтауды, «Сенім поштасы» арқылы кез келген сұрақтың жауабын алуға болатынын ескертті. Қыздар  өздеріне деген керек жауаптарын алғанын және де осындай жиналыс алдағы уақытта тағы да ұйымдастырылса екен деген тілектерін білдірді. 

Просмотров: 1212


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст