«Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы       №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ
КГУ «Многопрофильная школа-гимназия №3 имени  М.Габдуллина города Кокшетау отдела образования  по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік желілер

Байланыс орталығы

Кәсіби бағдар беру жұмысы

2019-2020 оқу жылы

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көкшетау қаласының білім бөлімінің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шарасында, мектеп-гимназия мұғалімдері мен оқушылары марапатталды.

15.12.2017

2017 жылдың  14 желтоқсанда Көкшетау қаласының білім бөлімімен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өткізілді. Іс-шараға келген қонақтарды  Көкшетау қаласының әкімі Маржықпаев Ермек Боранбайұлының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған құттықтап,оқу озаттары,  қалалық және облыстық зияткерлік және шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары «Жас ұлан» Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының  қатарына 10 оқушыны қабылдады.«Жас ұлан» Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының  қатарына қалалық, облыстық «Зерде» шығармашылық жобалар және зерттеу жұмыстары байқауының жеңімпазы   6 «Ә» сынып оқушысы Баймакова Арайлым Амангельдіқызы қабылданды. Іс-шара марапаттау рәсімімен жалғасты. «Табысты менеджер -2017» қалалық байқаудың қорытындысы бойынша  Көкшетау қаласы әкімінің  жүз  мың теңге көлемінде ақшалай сыйлығымен «Табысты менеджер -2017» Республикалық конкурста 3 орынды иеленген, байқаудың қалалық кезеңінің Гран-При иегері мектеп-гимнаия директоры  Айнагуль Қыдырбаевна  Балташева марапатталды. Ақмола облысы  Әкімінің Құрмет грамотасымен және Қазақстан Республикасының 

Тәуелсіздік күнін мерекелеу құрметіне 50 мың теңге көлеміндегі сертификатымен мектеп-гимназиясының  математика пәнінің мұғалімі Райхан Бекмағанбеткызы Каиржанова, Көкшетау қаласы Әкімінің Алғыс хатымен және

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу құрметіне Көкшетау қаласы әкімінің 50 мың теңге көлеміндегі сертификатымен информатика пәнінің мұғалімі Еркін Хавдеш, Ақмола облысы Білім басқармасының Құрмет грамотасымен және Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік күнін мерекелеу құрметіне Көкшетау қаласы әкімінің 50 мың теңге көлеміндегі сертификатымен  орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Дамежан Айтбаевна Шекенова марапатталды. Қала мектептерінің 30 оқушысына - Халықаралық және Республикалық интеллектуалдық, шығармашылық конкурстар мен спорт жарыстарының жеңімпаздары «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру  аясында Түркістан қаласына екі күндік сапармен 1 000 000 теңге көлеміндеқала әкімінің сертификаты  берілді. Сертификатты дарынды оқушылардың атынан мектеп-гимназиясының оқушысы Рашитов Ермек қабылдап,

қала әкіміне алғысын білдірді.

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!!!

 

 

Просмотров: 672


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст