26.27.09.17 ж. мектеп-гимназиясында кәмелетке толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсау мінез-құлықтың алдын алу айлық жоспары бойынша МГ-ның мамандарының (әлеуметтік педагог,педагог-психолог, ДОТЖО-лары, инспектор) қатысуымен 5-7, 8-9, 10-11 сыныптардың қыздары және ұлдарымен жеке кездесуде әлеуметтік педагог Қ.Н.Казгожина «Қыз бала тәрбиесі және гииенасы» тақырыбында дәріс оқып,кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында қоғамдағы тәртіп ережелерімен таныстырды. Педагог-психолог Тауфих А. «Қыз тәрбиесі –қоғам байлығы», «Ұл тәрбиесі – ел болашағы» тақырыбында дәріс оқып, «Қызға 40 үйден тыйым» атты жаднама таратылды. «Қазақ қызы қандай болуы керек?», «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу» атты бейне үзінді көрсетілді. МГ-ның медбикесі А.К.Шайлятова қыздардың денсаулығы, гигиенасы жайында медициналық кеңестер берді.