Дені сау ұрпақ - дені сау ұлт. Ұлт саулығы – жарқын болашақтың бастауы. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында 30%-ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керек екендігін баса айтуы да сондықтан. Бүгінгі күнде жас ұрпақты салауатты өмір салтын ұстауға бейімдеу тұрғысында жасалып жатқан игілікті істер аз емес. Соның айғағы мектеп-гимназияда ағымдағы жылдың қыркүйек айының он алтысы күні өткен жалпы мектепішілік денсаулық күні.
Дене шынықтыру әдістеме бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шара барысында сөз алған мектеп-гимназия директоры Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы оқушыларды құттықтап, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Содан кейін барлық оқушылар мен мұғалімдер жаппай сап түзеп, бой сергіту жаттығуларын жасады. Іс-шараның екінші бөлімінде 8-11 сынып оқушылары арасында «Динамо» спорт кешенінде, 5-7 сынып оқушылары арасында мектептің спорт алаңында жеңілатлетикалық жарыс болып өтті. Жеңімпаз оқушылар арнайы мадақтамамен марапатталды.Еліміздің ертеңі болар жас
ұрпақтың саулығы үшін жасалған осы бір игі іс баршаға үлгі болса екен.