«Отбасын қолдау апталығы» атты республикалық акцияның өткізілуіне байланысты «Ашық есік күні» «Ата-ананың өнегелі тәрбиесі – бала бақытының кепілі» тақырыбында өткізілген жұмыс бойынша
Ақпарат
07.09.2017 ж. сағат 18.30-да М.Ғабдуллин атындағы көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының «Салтанат» залында «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында
«Отбасын қолдау апталығы» атты республикалық акцияның өткізілуіне байланысты «Ашық есік күні» «Ата-ананың өнегелі тәрбиесі – бала бақытының кепілі» тақырыбында 1-11 сынып ата-аналары және сынып жетекшілерінің қатысуымен семинар-жиналыс өткізілді. Жиналыс жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу және бала тәрбиесі сұрақтары бойынша ата-аналарға кеңестік көмек көрсету және отбасы мен мектеп
ынтымақтастығының берік іргетасын қалау мақсатында өткізілді. Жиналысқа 97 ата-ана, 52 сынып жетекшілері, МГ-ның әкімшілігі және психолог, әлеуметтік педагог қатысты. Жиналыстың ашылуында МГ-ның директоры А.Қ.Балташева келе жатқан «Отбасы күнімен» ата-аналарды құттықтай келе, жиналыстың бағдарламасымен таныстырды. Педагог-психолог А. Тауфих «Бала тәрбиесі бойынша ата-аналарға
кеңестік көмек» тақырыбындағы баяндамасында мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне қарай психологиялық, физиологиялық дамуында кездесетін қиындықтарды алдын алу мақсатында ата-аналарға арналған ғылыми ақпарат және бала тәрбиесіне қатысты психологиялық, педагогикалық кеңестер берді. Әлеуметтік педагог Қ.Н. Казгожина «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу» атты баяндамасында мектеп оқушыларының тәртіп, құқық бұзушылықты, жеке бас қауіпсіздігін алдын алу мақсатында ата-аналарға кеңестер, оқушының тәртіп ережелері, құқық бұзушылыққа байланысты ақпараттармен таныстырды.