6 сәуір 2017 жылы М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің қалалық «Жаңа технология –жаңа шығармашылық ізденіс» атты семинары өтті.Семинарға қала бойынша 25 мұғалім және 12 университет,колледж студенттері қатысты.Семинар белгіленген уақытта бағдарлама бойынша мектеп-гимназия директоры Балташева А.Қ. мектепті таныстыруымен бастады.
Семинарбағдарламасы бойынша алғашқы «Жаңаша оқытуға –жаңаша көзқарас»атты баяндамасында Қарасартова Ш.Қ. бүгінгі таңдағы сабақ беру үрдісіндегі өзгерістері мен ұсыныстарын атап өтті. Қазіргі таңда өзекті мәселе болып отырған эссе жазудағы сыни ойлауға үйрету мәселелерін сөз етті. Эссе жазуда Блумм таксономиясының тиімділігі және сол
тұрғыда мұғалім де оқушы да өз жұмысын осы әдіске негіздесе, эссе жазуда
табысты болу мүмкіндігін талдап өтті.
Екінші мәселе бойынша Айдарова Л.К. «Оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін жоспарлау»баяндамасында дарынды балаларды оқыту мәселесі мен оны шешу жолдарына тоқталды. Өз тәжірибесіндегі дарынды балаларды тану жолына тоқталып, нәтижелі жұмыстарының тиімділініг көрсетіп өтті.
Семинар өз жұмысын деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер Ахметжанова Б.Х,Билялова Б.Б. өткізген коучингтерге жалғасты. Коучингтерде қатысқан мұғалімдер есте сақтау,жадыны дамыту , кері байланыс оның маңызы сияқты мәселелерді ұжымдасып шешті.
Семинардың екінші бөлімінде №18 мектептім мұғалімдері шеберлік сыныптарын өткізді. Шеберлік сыныптар өткізген Бралина С.С мен Ивагат К. бүгінгі сабақ үрдісінде пайдаланған әдіс-тәсілдермен бөлісті. Шеберлік сыныптағы мұғалімдердік іс-тәжірибесін қатысқан мұғалімдер талдап, өз пікірлерін айтты.
Мұғалімдер коучинг пен шеберлік сыныптардан алған әсерлері мен танымдық мазмұндылығын салтанат залында өткен кері байланыста постер арқылы қорғады. Олар семинардың сәтті өткендігін, өздеріне керекті мағлұматтарды мол алғандығын айтып өтті. Қорыта айтқанда, семинар өз дәрежесінде өтті,қатысқан мұғалімдер ризашылықтарын білдірді.