Ақмола облысы білім басқармасын 2017 жылдың 29-30 наурыз аралығында Бурабай ауданы Щучье қаласында облыстық «ЭКСПО-2017»халықаралық көрмесіне арналған облыстық экологиялық олимпиадасын ұйымдастырды. Олимпиада "Щучье қаласы, экология және орман шаруашылығы колледжі" қабырғасында ІІ кезең бойынша өтті. Олимпиаданың І кезеңі экологиялық тест тапсырмалары мен практикалық жұмыстар орындауы болса, ІІ кезеңі экологиялық ғылыми жобалар қорғау болды. Облыстық экологиялық олимпиадасына қатысқан М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының 10Ә сынып оқушысы Сайранбекова Акмарал екі кезеңнен де сүрінбей өтіп, жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Уразбекова Аягоз Саркенқызы
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!!