Жылы шырайлы көктемнің алғашқы бір күндері барша азаматтың көңілін жадырата келген 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні. «Баршаңызға мереке қайырлы, құтты болсын!»-дей отырып Тоқтар Әлішер 8 «Ә» сынып оқушысы қыздарға арнап ұлдар дайындаған «Гүл мереке, күн мереке – 8 наурыз» атты іс-шараны бастады. Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіріліп интерактивтік тақтада презентация жүріп тұрды.Мейрам Сұлтанның орындауында күй тамашаланды.Мереке барысында ер азаматтар тақпақтар оқыды. Шыңғыс пен Бақтияр көңіл көтеретін ойындар ойнатты. Ежелден ата - бабаларымыз қыздарды әрқашанда гүлге теңеген. Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы - қыз. Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, сыпайылық, әдемілік тілей отыра ұлдар өздері дайындаған сыйлықтарын сыйлады. Осындай іс-шаралар арқылы оқушылар бір-бірін сыйлай біледі.