03.03.2017 ж.мектеп-гимназиямызда информатика пәні мұғалімдерінің семинары болды. Семинар қазақ және орыс тілінде жүргізілді. Семинардың тақырыбы: Оқушылардың ақпараттық-коммуникативтік сауаттылығын дамыту"
Семинар барысында Бершимова А.Қ. "Робот техниканы LEGO Mindstorms жинағы арқылы мектеп алаңына кіріктіру" тақырыбында шебер-сынып көрсетті. Мұғалімдер шебер сынып барысында компьютермен программа құрып роботтарды жүргізуді үйренді.Үйірмеге қатысатын 8 "В" сынып оқушысы Сайранбеков Жанарыс роботтарын көрсетіп таныстырды.
Сундетова А.С. №11 мектеп мұғалімі "Внедрение в школьную площадку работотехники Arduino" шебер сыныбын көрсетті. Аталған мектептің 3 оқушысы жобаны қорғады.
ЭГМ №13 "ЭКОС" информатика пәні мұғалімі «Применение новых информационных технологий на уроках информатики» атты баяндама оқыды.
"Оқушылардың ақпараттық-коммуникативтік сауаттылығын бағалауға арналған тест тапсырмаларына шолу жасау» атты баяндамасын Бершимова А.Қ. оқыса ,орыс тілінде №6 мектептің мұғалімі Гартунг С.А.«Методика разработки тестовых заданий для оценки ИК грамотности учащихся» атты баяндамасында түсіндірді.