М.Ғабдуллин атындағы № 3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының 8 «Ә»
сыныбында 20.02.2017 ж. оттың тілсіз жау екендігін ұқтыру, өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы толық мағлұмат беру, оқушыларға оттан сақтанудың жолдарын,сіріңке, оттық т.б.қатерлі нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу мақсатында «Уақытты текке өткізбе. Тез хабар бер «101» ге» атты тәрбие жұмысы сайыс түрінде өткізілді. Сынып екі топқа бөлініп жарысқа түсті. Сайысқа қатысушы топтардың іс-әрекетіне баға беретін әділ-қазылар алқасы сайланды.
Сайыс кезеңдері.
1. «Кім тапқыр?» -сұққа жауап беру
2. «От пен су тілсіз жау» - суретшілер байқауы
3. Жумбақтар шешу
4. «Ептілер» ойыны
5. Жағдаяттар
6. «Алғашқы жәрдем» көрсету
Ойын арқылы өрттен сақтану туралы дағды қалыптасады, ептілік,жауапкершілік тәрбиеленеді. Сайыс өте қызықты, пайдалы өтті. оқушылар өрт қауіпсіздік туралы ережелерді ұқты.