«Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы       №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ
КГУ «Многопрофильная школа-гимназия №3 имени  М.Габдуллина города Кокшетау отдела образования  по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік желілер

Байланыс орталығы

Кәсіби бағдар беру жұмысы

2019-2020 оқу жылы

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шығармашылық тұсаукесер

24.02.2017

23.02.2017 ж. М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының салтанат залында Көкшетау қаласы №6 ОМЛ-нің  11 «А» сынып оқушысы Саматова Томиристің   «50 причин, чтобы жить», «Один день из жизни ангела» атты кітабы бойынша тұсаукесер шығармашылық кездесу өтті.   Тұсаукесер шығармашылық кездесуге қалалық білім бөлімінің басшысы Б.А.Жусупов,тәрбие жұмысының әдіскері А.Қ.Нугуманова, №1 ОМ , №3 МГ, №4 ОМ, №5 «Таңдау» мектептері директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары,психолог-педагогтар және 9,10,11 сынып

оқушылары қатысты.

  Тұсаукесер бағдарламасымен модератор Е.Ю. Мельберт (№6 ОМЛ-нің орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі) кітаптың авторы туралы, жалпы кітаптың мазмұнын таныстырып өтті. Кітаптың авторы Саматова Томирис кітабының негізгі мазмұны, оны жазуға түрткі болған себептері,жасөспірімдердің өмірге деген оң көзқарасы жайында қысқаша әңгімелеп берді. Томиристің шығармашылығы жайында оқырмандар (сыныптас, құрбы-құрдастары, оқушылар) шығармадан алған  әсер, алғыс, пікірлерін бейнеролик арқылы білдірді. Сондай-ақ, шығармашылық кездеу соңында залдағы тыңдарман оқушылар  жас жазушыға шығармаларының мазмұнына қызығушылық танытып, шығарманы жазу себебі, негізгі кейіпкері кімге арналғаны, жазу барысындағы кеткен уақыттың жұмсалуы және тағы басқа қандай іспен айналысатындығы, алдағы уақыттағы жоспары бойынша сұрақтарына жауап алып,

болашағынан зор үміт күттіретін  жас қаламгерге тілек-пікірлерін білдірді.  Томиристің төлтуынды еңбектерінің мазмұны жасөспірімдердің өмірге деген

көзқарастарын,құштарлықтарын,сенімдерін,әрқашан тығырықтан шығар жол табуға болатындығын,өмірдің кереметтігін ұғындыратын тәрбиелік-тағылымдық мәні зор туынды. Оқушылар аталмыш кештен рухани азық алғандары сөзсіз.    Жас қаламгер Томириске шығармашылық табыс,жазушылық жолында қаламы мұқалмай,ойы ұшқыр болып,оқырмандарының таңдаулысы болуына тілектестігімізді білдіреміз!

Просмотров: 563


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст