«Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы       №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ
КГУ «Многопрофильная школа-гимназия №3 имени  М.Габдуллина города Кокшетау отдела образования  по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік желілер

Байланыс орталығы

Кәсіби бағдар беру жұмысы

2019-2020 оқу жылы

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім және Ғылым министрі мектеп-гимназиясына келді

16.02.2017

2017 жылдың 15 ақпан күні Ақмола облысының Көкшетау қаласына іс-сапармен келген Білім және Ғылым министрі Е.К.Сағадиев М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясына арнайы келді. Білім және Ғылым министрімен облыс әкімінің орынбасары Н.Нүркенов пен облыстық білім басқармасының басшысы Б.Ізбасарова бірге болды.   

Білім және Ғылым министрі Е.К.Сағадиевті  мектеп-гимназия директоры А.К.Балташева қарсы алып, білім ордасының тарихы, тыныс тіршілігімен  таныстырды.Оқытудың жаңартылған жүйесіне сай  информатика пәнін ағылшын тілінде  оқитын 6 «А», физика  пәнін ағылшын тілінде  оқитын 8 «Б» сынып оқушыларының сабақтарына қатысты.  Пән мұғалімдері  Е.Хавдеш, Р.А.Савельев. Министр мырза оқушылармен ағылшын тілінде сұрақтар қойып,  үш тілділіктің маңыздылығы жөнінде  пікір алмасты. 8 «Б» сынып оқушысы Турсынбекова Айгерим ұстаздардың ерең еңбектерінің арқасында ағылшын тілінде пәндерді еркін меңгергенін,болашаққа үш тілділіктің берері көп  екенін атап  өтті. Оқушылармен әңгімелескен министр оқушылардың тілді игерудегі ынталарына ризашылығын білдірді.

Кеңес Одағының батыры ,академик, ғалым, жазушы М.Ғабдуллиннің музейімен «Мәліктанушылар» клуб мүшелері Амангельдиева Жулдызай, Султанова Аяулым, Тасболатова Аяжан, Мырзахмет Ясмин, Габдуллина Сауле, Габдуллина Айша үш тілде таныстырды. Министр  Ақмола облысының  білім мекемелерінің қызметкерлерімен мектеп-гимназия қабырғасында  кездесті.Кездесуде  жаңартылған оқу бағдарламасының маңызына,жаңа форматта өтетін ҰБТ-ге,сапалы білім беру ерекшеліктеріне тоқталды.

 

Просмотров: 530


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст