23 каңтар 2017 жылы 8 «Ә» сыныбында Алматыда өтетін Қысқы Универсиадаға арналған тәрбие жұмысы
жоспарға сай өткізілді. Алматы бұрынғы кеңестік елдерінің ішінде бірінші болып, 2017 жылы өтетін XXVIII қысқы Универсиаданың астанасына айналды. Бұл – дүниежүзі студенттерінің қысқы спорт түрлерінен қатысатын жарысы.
Сабақ барысында оқушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру және өз елімізге деген мақтаныш сезімдерін нығайту мақсатында Универсиада туралы шолу жасалынды. Универсиада әлемге Қазақстан Республикасының табиғаты мен тұрмысының әсемдігін паш етуі және Қысқы Универсиаданың Алматыда өтуі
«Қазақстан-2050» Стратегиялық даму жоспары аясында елдің алға қойған мақсат-мүдделерімен астасып жатуы тиіс.
Бұл – Алматы мен Қазақстан Универсиада өтетін қала, ел ретінде екі аптаға жуық әлем назарында болады деген сөз. Яғни осынау әлемдік спорттық шара арқылы Қазақстанның халықаралық, ғаламдық деңгейде алға жылжуы,елдің әсемдігі мен халқының әлеуеті көрінеді. Қазақстан ірі әлемдік спорттық шараларды өткізе алатын, дамыған мемлекеттердің қатарына шығады.