Орталық коммуникациялар қызметінде «Прокурордың 100 кеңесі» кітабының, мобильді қосымшаның және Бас прокуратура сайтындағы арнайы парақшаның таныстырылымы өтті. Практикалық кеңестер жинағын Бас прокуратура мен Құқық қорғау органдары академиясы бірлесіп әзірлеген. Жинақтың мақсаты – түрлі құқықтық жағдайларға тап болған адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өзін қалай ұстау керектігін, өз құқықтарын, жақындарының мүдделерін қалай қорғау керектігін көрсету. Кітапта 9 тарау бар, оларда түрлі өмірлік жағдайлар бойынша кеңестер қамтылған: отбасы, бизнес үшін, өзіңді алаяқтардан қалай қорғау қажет; тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қалай жол бермеу қажет; шағым бергенде не істеу керек; терроризм мен экстремизм туралы нені білу қажет; құқық қорғау және сот органдарының өкілдерімен өзіңді қалай ұстау қажет. М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының 8 «Ә» сыныбында 2017 ж. 16 қаңтарда азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Прокурордың 100 кеңесі» тәжірибелік кеңестер жинағымен таныстыру, мазмұнына шолу жасау тәрбие сағаты өткізілді.