06.01.2017 жылы Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқыту-әдістемелік кабинеті» 12.12.2016 жыл №1297 хаты негізінде мектептегі тәрбие жұмысының 2016-2019 оқу жылы жоспарлы «Мәңгілік Ел» Патриоттық акт тақырыбында ата-аналар қоғамдастығының алдында тыңдалым өтті. Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Қ.Жартанова ата-аналарды тыңдалымның мақсатымен,күн тәртібімен таныстырды.Ата-аналар
қоғамдастығының алдында өткен тыңдалымда «ҚР Тәуелсіздігіне -25 жыл» бейнелолик
көрсетіліп,«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы-ертеңгі болашағымыздың негізі тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Б.Билялова,Мәңгілік Елдің жеке тұлғасын қалыптастыру-шы «Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыбында мектеп-гимназия психологы А.Тауфих баяндама оқыды.