«Тіл дарыны – 2018» қалалық байқауы
«Тіл дарыны – 2018» жалпы білім беретін мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасындағы 21 ақпан қалалық байқау өткізілді.
Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:
- Үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген оқушыларды анықтап, қолдау. Іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді меңгеру деңгеін анықтау. Үштілділікті насихаттау;
- Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру; тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру; жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбилеу; тіл мәдениетін жетілдіру.
- Оқушылардың үш тілде оқып- үйренуіне ықпал жасау және оларды ынталандыру.
Байқау 12 тапсырмадан тұрады:
1. «Полиглот» - қазақша мақал-мәтелдерді соңғы бір сөзбен толықтырып, сол сөздің орыс және ағылшын тілдерінде аудармасын беру;
2. «Мәдениеттаным» - қазақ халқының салт- дәстүрі, діні мен тілі жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап беру;
3. «Ұлттаным» - қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары, еліміздің аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс, ағылшын тілдерінде жауап беру;
4. «Эрудит» - сөзжұмбақты(ребус) шешіп(мақал-мәтел), үш тілде аудармасын беру;
5. «Тең шарттарда диалог» - белгілі бір тақырыпта диалог құрастыру(8-10 сөйлем);
6. «Жағымды әңгімелесуші» - өмірбаянын үш тілде айту (15 сөйлемге дейін);
7. «Ең үздік мәнерлеп оқушы» - 3 тілде кез-келген өлең жолдарынан үзінді оқу;
8. «Отанымыздың патриоты» - отаншылдық тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап беру (жауаптары: даталар) және жауабын үш тілде айту;
9. «Экскурсия жетекшісі» - өз елі туралы 3 тілде қысқаша мәлімет жасау;
10. «Жас ақын» - 3 тілде қызықты ертегі құрастыру;
11. «Үздік каллиграфист» - 3 тілде сөздердің әріптерін айқын, көркем, сауатты жазу;
12. «Өнертаным» - 3 тілде берілген жаңылтпаштарды жаңылмай айтудан жарысқа түсу.
Үміткерлер өнерін бағалау кезінде: тілдерді меңгеру деңгейі; жауаптың толық берілуі мен сапасы; жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігі ; үш тілде орфоэпиялық тұрғыдан иаза сөйлеуі; сахналық мәдениеті ескерілді.
«Тіл дарыны – 2018» жалпы білім беретін мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасындағы қалалық байқауына мектеп-гимназиясының 3 оқушысы қатысып ,жүлделі орындарға ие болды. 9А сынып оқушысы Бекитова Тұмарбике, 11 А сынып оқушысы Кабдуш Қуаныш жүлделі І орынды жеңіп алса, 11А сынып оқушысы Секенова Наргиз жүлделі ІІ орын алды. Пән мұғалімдері: Карасартова Ш.К, Ахметжанова Б.Х., Уразбекова А.С., Балташева З.Н., Казбекова А.Б., Уалиева Ж.О. Жүлделі І орынға ие болған 2 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды. Сәттілік тілейміз!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!!