2018 жылдың 23-25 наурыз аралығында Маңғыстау облысының Ақтау қаласында жасөспірімдер арасында Ушу спорттық түрінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ақмола облысының командасы ушу саньда,ушу таолу 2 категория бойынша сынға түсті. Чемпионатқа М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының оқушылары да қатысты. Ушу таолу категориясы бойынша алтын медальды қанжығасына байлаған 9А сынып оқушысы Алимбай Аружан,8Б сынып оқушысы Қазбекова Гүлсана, 10Ә сынып оқушысы Бекмурзаев Медет Қазақстанның чемпионы атанды. Қазақстанның чемпионы атағына ие болған оқушыларымыз Бразилия елінде өтетін әлем біріншілігінде ел намысын қорғайды. Ушу саньда категориясы бойынша 8Ә сынып оқушысы Канафина Ая ІІ орын, 7Б сынып оқушысы Жамсап Санжар ІІ орын, 6Б сынып оқушысы Танишев Алишер ІІ орынға ие болды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Жаттақтырушы мұғалімі: Абдрахманов Усербай.