«Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы       №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ
КГУ «Многопрофильная школа-гимназия №3 имени  М.Габдуллина города Кокшетау отдела образования  по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік желілер

Байланыс орталығы

Кәсіби бағдар беру жұмысы

2019-2020 оқу жылы

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024 жылдың 30 қазан күні М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Құзыретті орталықтың жоспарына сай КР Яр ауылыныі №3 көпсалалы гимназиясы, №13 «Экос» мектеп-гимназиясы жас педагогтармен «Құзыреттілікке бағытталған сабақ» тақырыбында сабаққа STEAM бағытында 5E циклі арқылы зерттеушілік оқыту әдісін үйрету коучинг ұйымдастырылды

Қатысушы жас педагогтарды топқа бөлуді  ұйымдастыру кезеңін математика пәнінің мұғалімдер Негметжан А.А., Умірбай А.А. атқарып мұғалімдерді 5 топқа бөлінді.  ДҒЖЖ орынбасары  Р.Командир 5Е  оқыту циклін қолданатын зерттеуге негізделген модульдің құрылымын таныстыра келе , Көкшетау қаласына сәнді мұнаралардың қажеттілігі қаншалықты? деген мәселені шешу үшін бағытталатынын айтып, модульдермен жұмыстар жеке- жеке жұмыстар атқарылатындығын  таныстыра кетті.  Сабақтың еліктіру бөлімін биология пәнінің мұғалімдері Хоршат А , Джаксанова У.Э бейнеролик арқылы тақырып ашып,сұрақтар қоя келе,еліктіру модулінің қандай мақсатта жүргізілетін теориясына тоқталды. Екінші модуль зерттеушілік модуль бойынша   информатика пәнінің мұғалімі, коуч  Бершимова А.К., математика пәнінің мұғалімі Алип Айбек ,физика пәнінің мұғалімі Жайлау Э мұнара жасау тапсырманы ұсынып, дескриптор ұсынылған бағалау парақтарын, қосымша ақпарат парақтарын топтарға ұсына отырып, зертеушілік модулінінң теориясын таныстырды. Топтар әртүрлі мұнара моделін жасап,  үшінші модель  түсіндіру модуліне ауысты. Түсіндіру модулі бойынша математика пәнінің мұғалімі Адилов С.А, биология пәнінің мұғалімі  Казбекова С.Т. жас ұстаздарға түсіндіру модулі туралы ақпарат бере келе, термин сөздер, деректерге сүйене отырып  түсіндіру жұмысын  жүргізу керектігін ескертті. Топтар өздерінің  жасаған мұнараларын түсіндіріп қорғады.  Топтар  орындалған жұмыстарын көрсетілген критерие бойынша  бағалап отырды. Пысықтау модуліне тақырыпқа байланысты сұрақтарды Quizizz онлайн білім беру платформасы арқылы информатика пәнінің мұғалімі, коуч Бершимова А.К. жүзеге асырды. Бесінші модуль бағалау модулін  ДШТЖЖ орынбасары Г.А.Сыздыкова жүргізіп, топтар өзара қойған балдарын таныстырды.   Коучинг соңы Неліктен STEAM мектептерде жақсы? деген тақырыпта дөңгелек ұстелмен жалғасып,кері байланыс жүргізілді.

https://www.instagram.com/reel/DBxq1g2MM48/?igsh=N3FkcTB0aXAzcGh2

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 06.12.2024 18:20
Құрылған күні: 06.12.2024 18:21

Текст