«Ақмола облысы білім басқармасының  Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы       №3 көпсалалы гимназиясы» КММ
КГУ «Многопрофильная гимназия №3 имени  М.Габдуллина города Кокшетау отдела образования  по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік желілер

Байланыс орталығы

Кәсіби бағдар беру жұмысы

2019-2020 оқу жылы

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Тәуелсіздік-еліміздің мәңгілік түғыры" тәрбие сағаты

Отыз жыл, отыз жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық.
Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың
Отан үшін табандары тозбады.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаған.
Отан үшін олар шығып алаңға
Қарсы ағып өзендей тасқындаған.
Болмасам да сол кезде мен сеземін
Жүректе намыс оты сөнбегенін,
Ызғарына аяздың төзгендерін,
Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәттібоп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.

7В сыныпта "Тәуелсіздік-еліміздің мәңгілік түғыры" тәрбие сағаты өткізілді. Балалар белсенділік танытып, патриоттық сезімдерін дамыта түсті.
Сынып жетекшісі: Мухамеджанова Муксина Мерхатқызы

Жаңартылған күні: 28.12.2021 20:30
Құрылған күні: 28.12.2021 20:30

Текст