15,16,22.11.16 ж. Мектепішілік оқу-тәрбие жұмыс жоспары бойынша қалалық пән олимпиадасына жолдама алған 8-9 сыныптарда 24 оқушы, 10-11 сыныптарда 23 оқушының қатысуымен «Топтық қарым-қатынасты нығайту, жетістікке жол» атты психологиялық тренинг өткізілді.
28.11-10.12.2016 ж.аралығында 6, 7 сыныптарда оқушылардың пәнге деген қарым-қатынасын анықтау анкетасы жүргізіліп, қорытындысы шығарылды. 6 сыныптарда 123 оқушы, 7 сыныптарда 114 оқушы қатысты. 6 сынып оқушыларының пәндерге (қазақ тілі/қазақ
әдебиеті, орыс тілі/орыс әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, дүниетарихы, математика, информатика, география, денешынықтыру, өзін-өзі тану, бейнелеу, технология, музыка) деген қарым-қатынасы белсенді, оң деп 63,0% - 89,0%-ды, ал,7 сынып оқушыларының пәндерге (қазақ тілі/қазақ әдебиеті, орыс тілі/орыс әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, дүниетарихы, математика, информатика,
география, денешынықтыру, өзін-өзі тану, технология) деген көзқарасы белсенді, оң деп 82,5% - 93%-ды көрсетті.
2016 ж. қараша-желтоқсанда жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдарын анықтау (жоспар бойынша) диагностикалық зерттеу
жұмыстары жүргізілді: 9,11 сыныптарда А.Е.Климовтың «Диференциалды – диагностикалық сұрақнамасы», Дж.Голлондтың «Кәсіби мінез-құлық типтерін анықтау», 11 сыныптарда мамандық таңдау мотивтерін және еріктілігін анықтау, 9 сыныптарда А.Голомштоктың «Қызығушылық карта», Л.А.Йовайша әдістемесі бойынша әртүрлі әрекеттердің түріне қарай кәсіби бейімділікті анықтау тест, сауалнамасы жүргізілді. Оқушылардың кәсіби бағдарын анықтау зерттеу жұмысына 9 сынып бойынша 125 оқушы, 11 сынып бойынша 69 оқушы қатысты, тест, сауалнама қорытындысы бойынша оқушыларға жеке кәсіби кеңестер берілді. Оқушылардың кәсіби бағдарын анықтау профдиагностикаларының қорытындысын өңдеу нәтижесі: 9 сынып бойынша оқушылардың психологиялық мінез-құлық типтері: реалистік тип – 44,8%; зияткерлік тип – 33,1%; әлеуметтік тип – 54,03%; конвенциялық тип – 48,4%; іскер тип – 55,6%; артистік тип – 50,0%. Ал, кәсіптік бағдары: адам-табиғат – 33,1%; адам-техника – 33,3%; адам-адам – 50,0%; адам-белгілер жүйесі – 24,2%,адам –көркем бейне – 41,1%. Кәсіби бейімділігі: адамдармен қарым-қатынасқа түсуі – 71,5%; ақыл-ой әрекеттеріне – 32,5%; өндіру жұмысына – 33,4%; өнер саласына – 34,9%; қимыл-қозғалысты жұмысқа – 47,9%; жоспарлық, экономикалық (коммерциялық) әрекеттерге немесе материалдық
қызығушылыққа бейімділігі – 27,6%. 11 сынып бойынша оқушылардың психологиялық мінез-құлық типтері: Реалистік тип – 45,6%; зияткерлік тип – 38,2%; әлеуметтік тип – 61,7%; конвенциялық тип – 44,1%; іскер тип – 73,5%; әртістік тип – 55,8%. Оқушылардың кәсіптік бағдары: Адам-табиғат – 38,2%; адам-техника – 27,9%; адам-адам – 46,6%; адам – белгілер жүйесі – 26,5%, адам –көркем бейне – 36,7%. мамандық таңдау мотивтері 27,1% әлеуметтік; 14,3% моральдық; 68,5% эстетикалық; 55,7% танымдық; 38,5% шығармашылық; 32,8% таңдаған мамандықпен байланысты; 57,1% материалдық; 37,1% қадірлі, беделді; 60% пайдалылығын көрсетті. Еріктілікті анықтау тест
қорытындысы бойынша кез-келген іс-әрекетке ерік-жігері төмен– 0%; ерік-күші орташа 67,6%; ерік-күші өте жақсы 32,4%-ды көрсетті.
2017 ж. 4 қаңтарда облыстық пән олимпиадасына қатысатын 9-11 сынып оқушыларымен «Жетістікке жол» ттақырыбында тренинг өткізілді.
2017 ж. 5, 6 қаңтарда 6-7 сыныптарда пән мұғалімдері, мектеп әкімшілігі, психолог, сынып жетекшісінің қатысуымен педагогикалық-психологиялық консилиум өтті. Консилиумда қарастырылды: әр сыныпта жеке оқушының әлеуметтік (отбасы жағдайы, денсаулығы, қарым-қатынас), педагогикалық (оқу әрекеті, қоғамдық белсенділігі, еңбекқорлығы), психологиялық (пәнге деген қарым-қатынасы, диагностикалық картасы) жақтары жан-жақты зерттеліп, қорытындысы таныстырылды. Оқушының оқу үлгерімін көтеру, психологиялық саулығын
нығайту мақсатында ұсыныс-кеңестер берілді.
2017 ж. 6 қаңтарда «Мәңгілік ел» патриоттық акт негізінде өткен тыңдалымда МГ-ның ата-аналар комитеттерінің қатысуымен мәңгілік
елдің жеке тұлғасын қалыптастырушы «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» тақырыбында, қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптастыруына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіру, баламен өзара қарым-қатынас орнату мақсатында ата-аналарға арналған психологиялық кеңестер, «Бәрі өз қолыңда», «Мақсатыңызға жетуге күш беретін сөздер!» атты бейнероликтер
көрсетілді.